Тегін массаж, тіс емдеу және дәрі-дәрмек: «ПАМЖЗ»-дағы өзгерістер
Жаңа басшылық – жаңа өмір. Ақпан айында Арман Құлмағамбетов Петропавл ауыр машина жасау зауытының басшысы қызметіне келді. Бүгінгі таңда тапсырыстар портфелі 10 миллиард теңгеден асып отыр. Зауытта көп жылдардан бері алғаш рет жұмысшылар курорттық-шипажайлық аймақтарға жіберіле бастады, медициналық сақтандыру бағдарламалары әзірленді, деп хабарлайды QZ Media тілшісі.
Қызметкерлердің алды ерікті медициналық сақтандыру шарты бойынша денсаулықты жақсарту мүмкіндігін пайдаланып үлгерді. Облыстағы шипажайларға тегін жолдамалар, тіс емдеу және сауықтыру массажы. Мәселен, қызметкерлердің біріне «остеохондроз» деген диагноз қойылған. Зауыт бағдарламасының арқасында ол емдік массажды тегін ала алды. Ең бастысы – дәрігер қойған диагноз бен емдеуді ұсыну. Осыдан кейін әркім зауыт басшылығының көмегіне үміт арта алады. Сондай-ақ медициналық сақтандыру бағдарламасы бойынша дәрі-дәрмектерді алуға болады. Ол үшін дәрігер жазған дәрі-дәрмек тізімін WhatsApp арқылы үйлестірушіге жіберу керек.
Келісімшартта тіс емдеуге 25 000 теңге, дәрі-дәрмекке 12 000 теңге және 10 сеанстық массаж бен физиотерапия қарастырылған. Медициналық сақтандыру шарты бойынша көрсетілген қызметтерге төлемді «ПАМЖЗ» АҚ жүзеге асырады. Айта кету керек, бүгінде зауытта 500-ден астам адам жұмыс істейді. Жақын арада басшылық штатты кеңейтуді жоспарлап отыр.