Терек мамығынан қалай қорғануға болады?
Көктемде де, жазда да аллергия деген түсінік жиі айтылады. Осыған байланысты бірсыпыра адам жаймашуақ мезгілді ұнатпауы мүмкін. Иә, арамызда алты ай қысты қалайтындар баршылық. Кейбір петропавлдық тұрғын терек мамығын жақтыртпайды, деп хабарлайды QZ Мedia тілшісі.
Теректердің гүлдеуі кезінде аллергиямен ауыратын адамдар мамық жоқ жерде жүруі тиіс. Бұл – дәрігерлер кеңесі. Медициналық маскалар мен күн көзілдірігін тағыңыз. Үйге келгенде бірден душ қабылдаңыз. Ең бастысы – өз-өзіңді емдемеу. Барлық дәрі-дәрмекті тек дәрігердің нұсқауы бойынша қабылдаңыз. Ал жасөспірімдер үшін қала терек мамығымен жабылған маусым еркелейтін және отпен ойнайтын уақыт болып саналады. Бұған тоқтау салу керек. Өйткені, өрт сөндірушілер мұндай “еркеліктердің” орнына 10 рет барған.