Теріскейлік құтқарушылар мен мұғалімдер күш біріктірді
Солтүстік Қазақстан облыстық білім басқармасына қарасты әдістемелік орталық мамандары төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлерімен бірлесіп, алдағы шомылу маусымына арналған семинар-кеңес өткізді, деп хабарлайды QZ Мedia тілшісі.
“Су айдындарында, мектептерде және оқытушылар құрамымен нұсқаулық өткізілді. Үгіт материалдары таратылды, әңгімелер өткізілді”, – деді СҚО ТЖД Азаматтық қорғаныс басқармасының аға офицері Ризабек Темірбеков.
Өткен жылдың күзінде білім басқармасы мен ТЖ департаменті арасында бірлескен жұмыс жөніндегі келісімге қол қойылды.
“Айта кетейін, үлкен жұмыс атқарылды, әр мектепке ТЖД қызметкерлері бекітілді. Балаларға суда және су айдындарының жанында қауіпсіз демалу ережелері түсіндірілді”, – деді “СҚО әкімдігінің білім басқармасы” КММ “Әдістемелік орталық” КММ директоры Роза Сәкен.