“Тиісті төлемді тез алдық”: Су тасқынынан зардап шеккен Петропавл тұрғыны көрсетілген көмек үшін алғыс білдірді
Асхат Өндіріс өзінің жанұясы үшін екі жыл бойы Ойқала шағын ауданында үй салды, оны жаңа жиһаздармен және құрылғылармен жабдықтады. Баспанада жұбайымен, балаларымен және туыстарымен тұрды. Ең бастысы қала тұрғыны көптен жоспарлаған нәрсені жүзеге асырды – анасын ауылдан қалаға көшірді. Бақытты өмір сүруді жоспарлаған отбасы тасқынды мүлде күткен жоқ. Асхат Өндіріс оның үйі қалпына келтіруге жарамайтынын айтады, деп хабарлайды QZ Мedia тілшісі.
“Мені және менің отбасымды жатақханаға орналастырды, мұнда жағдай жақсы. Біздің алдымызда “қайда тұру керек?” деген сұрақ тұр. Жаңа шағын аудандағы үй бізге сәйкес келмейді, оған жету қиын болады, біз пәтерде тұрамыз деп шештік, қазір нұсқаларды қараудасыз, таңдаймыз”, – деді Петропавл қаласының тұрғыны Асхат Өндіріс.
Петропавлдық екі төлем түрін алды, атап айтқанда: әлеуметтік көмек – 100 АЕК, жиһаз және техника сатып алу үшін төлем – 150 АЕК.
“Мен төлемдерді тез алдым, мемлекетке алғыс айтамын. Шығындар көп, сондықтан ақша бізге көп көмектеседі. Өкінішке қарай, мен үйдегі техника мен электрониканы дер кезінде шығара алмадым”, – деді Асхат Өндіріс.
Естеріңізге сала кетейік, су тасқыны кезінде Үкімет су тасқыны салдарынан зардап шеккен тұрғындарға үй заттарын өтеу бойынша қосымша көмек көрсету туралы жедел шешім қабылдады. Бұл – тоңазытқыш, электрпеші, үстел, орындық, төсек, кір жуғыш машина, теледидар немесе радио, сумен жабдықтау және жылыту құралдары.