Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » ТЖД өкілі су айдындарындағы ережелерді еске салды

ТЖД өкілі су айдындарындағы ережелерді еске салды

Солтүстік Қазақстан облысында 60-қа жуық өзен, 2000 мыңнан астам көл және 100 жасанды шұңқыр бар. Облыс әкімінің қаулысымен 13 көл мен Есіл өзені бойында орналасқан шомылу орындарында 60 жаппай демалыс орны әзірленді. Осы орайда СҚО Төтенше жағдайлар департаменті өкілі суға шомылу кезеңінде судағы жазатайым оқиғалардың алдын алу үшін негізгі ережелерді тағы бір еске салды, деп хабарлайды QZ Мedia тілшісі.

Құтқарушылар атап өткендей, егер сіз қарапайым ережелерді сақтасаңыз, жалпы демалыс төтенше жағдайға айналмайды. Сонымен, келесі ұсыныстар айтылды:

•⁠ ⁠су қоймаларының жабдықталмаған учаскелерінде шомылуға болмайды;
•⁠ ⁠ересектердің қатысуынсыз балалардың шомылуына жол бермеңіз;
•⁠ ⁠мас күйінде шомылмаңыз;
•⁠ ⁠белгіден асыра жүзбеңіз;
•⁠ ⁠тексерілмеген жерлерге сүңгуге болмайды;
•⁠ ⁠жалған дабыл қоңырауларын бермеңіз;
•⁠ ⁠шомылу орындарын ластамаңыз.

Соңғы 10 жылда ресми демалыс орындары болып табылатын су айдындарында адам өлімі тіркелген жоқ. Петропавл қаласының маңындағы Пестрое көлі мен Есіл өзенінде екі құтқару станциясы тәулік бойы кезекшілік атқарады, сондай-ақ үлкен Тораңғұл көлінің қауіпті учаскесінде 1 мобильді бекет сақтық шараларын қамтамасыз етеді.

Бірақ жүзуге тыйым салынған жерлерде өлім фактілері баршылық. Естеріңізге сала кетейік, 10 жасар баланың суда қайтыс болу жайты 14 маусым күні тіркелді. Сонымен қатар, жаздың бірінші айында Тайынша ауданында екі кәмелетке толмаған бала суға батып кетті. Қайғылы оқиға Қызылжар ауданында қайталанды. Мұнда тағы да қос бала ажал құшты.

Сондай-ақ, СҚО ТЖД өкілі ағымдағы жылы ӘҚБтК-нің 412-бабы “Су айдындарындағы қауіпсіздік ережелерін бұзу немесе орындамау” талаптарын бұзғаны үшін 18 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылғанын, ал 364-бабы “Жалпы су пайдалану ережелерін бұзу” бойынша 150-ден астам адам әкімшілік жауапкершілікке тартылғанын атап өтті.

Shares