Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » Үстел теннисінен облыс чемпионатының жеңімпаздары мен жүлдегерлері түрлі марапатқа ие болды

Үстел теннисінен облыс чемпионатының жеңімпаздары мен жүлдегерлері түрлі марапатқа ие болды

15-17 қазан аралығында су жаңа үстел теннисі орталығында 2010-2012 жылдары туған және одан кіші жасөспірімдер арасында алғашқы облыстық чемпионат өтті. Жарысқа 5 аудан мен облыс орталығынан 70 спортшы қатысты, деп хабарлайды QZ News тілшісі.

Үстел теннисінен жасөспірімдер арасында БЖСМ командасы бірінші орынды иеленді, Тайынша ауданының командасы күмісті қанжығалады, ал Ғ.Мүсірепов атындағы ауданның спортшылары қоланы қанағат тұтты.

Қыздар арасында Шал ақын ауданының командасы бірінші орын еншіледі, Қызылжар ауданының командасы – күміс, ал БЖСМ командасы қола жүлде иеленді. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер дипломдармен, медальдармен және кубоктармен марапатталды.

Shares