Ұлттық ұлан курсанттары ҚР Конституциясының маңыздылығын талқылады
Сәбит Мұқанов атындағы Солтүстік Қазақстан облыстық әмбебап-ғылыми кітапханасының оқу залында Қазақстан Республикасының Ата Заңы күніне орай, «Ата Заң – азаттығымыздың айшықты айғағы» атты ашық әңгіме шарасы өтті. Дөңгелек үстелге қатысқан Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы академиясының оқытушылар мен курсанттар құрамы қатысты, деп хабарлайды QZ News тілшісі.
Қатысушылар Ата Заңды жастар арасында түсіндіру, Ата Заңымызға деген құрметті арттыруға байланысты маңызды ойларын ортаға салды.
Әрі келесі мәселелер талқыланды: Қазақстан Республикасы Конституциясының азаматтық қоғам құрудағы рөлі, Конституцияның жастардың құқықтық мәдениетін қалыптастырудағы рөлі, жоғары оқу орындарында студенттердің мінез-құлқының сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттары, білім беру ұйымдары, курсанттар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы дүниетанымды қалыптастыру.