Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » Ыстық су қосылады: Петропавлда №26 жылу магистралі жөнделіп жатыр

Ыстық су қосылады: Петропавлда №26 жылу магистралі жөнделіп жатыр

Петропавлда «Петропавл жылу желілері» ЖШС мамандары №26 жылу магистралінде диаметрі 300 мм болатын 24 метр құбырды ауыстырып жатыр. Бұл туралы «Севказэнерго» АҚ баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды QZ News.

Аталған жұмыстар температуралық және гидравликалық сынақтардан кейін басталған.

«Қазіргі уақытта мамандар ескі құбырды бөлшектеу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Барлық жұмыс аяқталғаннан кейін ыстық су бір көпқабатты және бір жеке тұрғын үйге, сондай-ақ үш әлеуметтік нысанға қайта беріледі. Жөндеу жұмыстарын 17 маусымға дейін аяқтау жоспарлануда», – делінген хабарламада.

Shares