Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » Заречный кентінде үйлерді бағалау жұмысы жалғасуда

Заречный кентінде үйлерді бағалау жұмысы жалғасуда

21 мамырдағы жағдай бойынша СҚО-да 2129 үй зерттелді. Ал 1330 тұрғын үйдің иесіне техникалық қорыты берілді. Енді тексеру жұмысын 27 үйде жүргізу керек, деп хабарлайды QZ Мedia тілшісі.

Зардап шеккен үйлердегі ақауларды анықтайтын мамандар Заречный кентінде жоспарды 100% орындады.

“Бағалаушыларға жақсы деген баға берем, тізімдегі негізгі нәрселерді тез қарап шықты, барлығын тексерді, суретке түсірді, сатып алынған жылды мұқият нақтылады. Ақжарлық жігіттер де жарап тұр! Олар өте жедел жұмыс істеуде”, – деді Заречный кентінің тұрғыны Надежда Камф.

Технологтар да осы жерде жұмыс істеуде. Сарапшыларға 7 үйді бағалау жұмысы қалды. Кентте Ақжар ауданынан келген бригада жұмыс істеп жатыр. Заречная көшесінде олар 91 үйге жауапты.

“Барлық процедурадан кейін біз үйлерді қайта қалыпқа келтіруге кірісеміз, сонымен қатар үйлерді кептіреміз. Бір үйді кептіруді бастадық. Жалпы, 91 үйдің жартысынан көбі апатты деп танылды”, – деді Ақжар ауданы әкімінің орынбасары Бөгенбай Жұрынтай.

Shares