Заречный кентінен 230 тонна қоқыс шығарылды
Мағжан Жұмабаев, Мамлют және Ақжар аудандарының мамандары Заречный кентінің тұрғындарына учаскелер мен үйлерді қалпына келтіруге көмектесіп жатыр. Барлығы 15 бригада жұмыс істеуде, деп хабарлайды QZ Мedia тілшісі.
“Бізде 35 адам, 5 бригада, 8 бірлік техника жұмыс істеп жатыр. Қазіргі уақытта тұрғындарға көмектесеміз, қоқысты шығарамыз. Сонымен қатар, суды сору да біздің міндетке жатады. Біз бағалаудан өткен 80 үйге жауаптымыз, олардың иелері технологтардың шешімін күтуде”, – деді Мамлют ауданы әкімінің орынбасары Темірлан Мамашәріпов.
Заречный кентінің аумағынан 230 тонна қоқыс шығарылды.
Вера Голованованың үйінде ескі жиһаз бар. Олар да далаға шығарылды.
“Барлық комиссия өтті, дезинфекция жұмысы аяқталды, жігіттер келіп, көмек көрсетіп жатыр”, – деді Заречный кентінің тұрғыны Вера Голованова.