Жамбыл мен Мамлют ауданында жедел тактикалық оқу-жаттығу өтеді
22 және 23 мамыр күндері Жамбыл ауданы Пресновка ауылында және Мамлют ауданы Мамлютка қаласында терроризмге қарсы оқу-жаттығулар өтеді, деп хабарлайды QZ Media тілшісі.
Іс-шараның мақсаты – құқық қорғау және арнайы органдардың күштері мен құралдарының террористік сипаттағы түрлі қауіп-қатерлерге ден қоюға дайындығын тексеру. Аталған жаттығулар әртүрлі қиындық элементтерімен жауынгерлік жағдайларға мүмкіндігінше жақын болады.
“Осыған байланысты азаматтарды жүргізіліп жатқан іс-шараларға автокөлік пен халықтың қозғалысының ықтимал уақытша шектеулеріне түсіністікпен қарауға шақырамыз. Қала, ауыл тұрғындары мен қонақтарынан қауіпсіздік шараларын сақтауды және мемлекеттік орган қызметкерлерінің заңды талаптарын орындауды сұраймыз. Тек ресми ақпарат көздеріне сеніп, жалған ақпараттың халық арасында таралмауына жол бермеулеріңізді сұраймыз”, – делінген Солтүстік Қазақстан облыстық терроризмге қарсы күрес штабының хабарламасында.