Жақын келешекте Қопай ықшам ауданында 9 тұрғын үйдің құрылысы аяқталады
Солтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапары аясында Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев Қопай шағын ауданында су тасқынынан зардап шеккендерге салынып жатқан үйлердің құрылыс барысымен танысты, деп хабарлайды QZ Media тілшісі.
Жалпы игерілетін жер көлемі 44,6 гектарды құрайды. Мұнда 29 көпқабатты тұрғын үй салу жоспарлануда. Бұл жалпы ауданы 289,9 мың шаршы метр болатын 18 кешен.
Қазіргі уақытта жалпы ауданы 73,1 мың м2 болатын 9 тұрғын үй салынуда. Көпқабатты үйлердің құрылысын аяқтау 2024-2025 жылдарға жоспарланған. Өнеркәсіп және құрылыс министрі құрылыс жұмыстарының тиімділігі мен сапасын атап өтті.