Жастар жаға жыртысты: Петропавлда 17 жастағы жасөспірім төбелес кезінде зардап шекті
2 қараша күні сағат 19.00-де «102» арнасына Петропавл қаласындағы Интернационал көшесінде төбелес болып жатқаны туралы хабарлама келіп түсті. Оқиға орнына Екінші полиция бөлімінің жедел-тергеу тобы барды, деп хабарлайды QZ News тілшісі.
Төбелес салдарынан 17 жасар қала тұрғыны зардап шекті, оны жедел жәрдем бригадасы медициналық мекемеге жеткізді. Осы фактіге қатысты ҚР ҚК 106-б. 2-б. 7-т. (Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
“Қылмыс жасады деген күдікпен полиция қызметкерлері қаланың кәмелетке толмаған тұрғынын ұстап, полицияға жеткізді. Қазір жасөспірімнің ата-анасын балаларды тәрбиелеу ісіндегі міндеттерді орындамағаны үшін жауапкершілікке тарту туралы мәселе қаралуда. Кәмелетке толмаған бала да профилактикалық есепке алынды. Қазіргі уақытта қала әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі комиссияға тиісті ұсыныс енгізу бойынша шаралар қабылдануда”, – деп хабарлайды СҚО ПД баспасөз қызметі.