Жеңістің 80 жылдығы күні Петропавлда Мәңгілік алау маңында гүл шоқтарын қою рәсімі өтті
Жеңістің 80 жылдығы күні Петропавл тұрғындары мен қонақтары «Мәңгілік алау» мемориалының алдына жиналып, ерлікпен қаза тапқан батырларды еске алды, деп хабарлайды QZ News.
Гүл шоқтарын қою рәсімі – өмірін бейбітшілік үшін құрбан еткен жандарға деген зор алғыс пен мәңгілік жадымыздың белгісіне айналды. Іс-шарада Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов жиналған жұртшылық алдында сөз сөйледі.
Іс-шараға соғыс ардагерлері, тыл еңбеккерлері, әкімдік өкілдері, қоғамдық ұйым мүшелері, әскери қызметшілер, жастар мен қала тұрғындары қатысты. Жиналған көпшілік Мәңгілік алауға гүл шоқтарын қойып, миллиондаған боздақтарды бір минут үнсіздікпен еске алды.