Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » Жерлесіміз Нұрқожа Қайпанов Әлем чемпионатында күреседі

Жерлесіміз Нұрқожа Қайпанов Әлем чемпионатында күреседі

Санаулы күндерден соң Албания астанасы Тиранада күрес түрлерінен кезекті әлем чемпионатының жалауы желбірейді. Алдымен 23 жасқа дейінгі палуандар бозкілемде белдессе, кейіннен ересектер олимпиадалық емес салмақтарда өзара кім мықтыны анықтайды.

“Олимпиадалық емес салмақтардағы әлем чемпионаты Олимпиада бағдарламасына енбей қалған төрт салмақ дәрежесінде өткізіледі. Атап айтқанда, еркін күрес шеберлері 61, 70, 79, 92 кг, әйелдер күресі өкілдері 55, 59, 65, 72 кг және грек-рим күресі палуандары 55, 63, 72, 82 кг салмақтарда белдеседі. Бұл дода аталған салмақтағы палуандардың жарыссыз қалмауы үшін ұйымдастырылады. Ересектер арасындағы әлем чемпионаты 28 қазанда басталып, 31 қазанда мәресіне жетеді”,- делінген ҚР Туризм және спорт министрлігінің хабарламасында.

Жалпы, алдағы чемпионатта Қазақстанның намысын 12 спортшы қорғайды. Олардың қатарында Нұрқожа Қайпанов та бар. Солтүстікқазақстандық спортшы еркін күресте 70 кг салмақ дәрежесінде жүлдеге таласады.

Shares