Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » ЖРО мамандары жастарға Петропавлда жұмыс табуға көмектеседі

ЖРО мамандары жастарға Петропавлда жұмыс табуға көмектеседі

Қалалық жастар ресурстық орталығының мәліметінше, Петропавлда NEET санатындағы жастар саны 6700 адамды құрайды. Бұл – оқымайтын және жұмыс істемейтін жастар, деп хабарлайды QZ Мedia тілшісі.

“Жұмыспен қамту орталығында есепте тұрған жастар саны 300 адамды құрайды. NEET санатындағы жастардың санын азайту үшін ЖРО жастармен кездесулер өткізеді, Мансап орталығымен бірлесіп, бірнеше бос орындар жәрмеңкесі де ұйымдастырылды, өз ісін бастағысы келетін жастар үшін “Атамекен” Ұлттық палатасының кәсіпкерлерді қолдау бөлімі өкілдерімен кездесулер де болды. Алдағы жоспарға келсек, қаланың базарлары мен сауда орталықтарында жастармен бірқатар көшпелі кездесу өткізіледі”,- деді Петропавл қ. ЖРО директоры Дамир Әбдин.

Сонымен қатар, Жастар ресурстық орталығы өкілдері қаламыздың оқу орындарының студенттерімен кездесіп, түсіндірме әңгімелер өткізеді. Оларға жастарға арналған жұмыспен қамту бағдарламалары туралы айтылады.

Shares