Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » Жылдам әрі ыңғайлы: Петропавлда электр самокаттарды жалға алу жүйесі іске қосылды

Жылдам әрі ыңғайлы: Петропавлда электр самокаттарды жалға алу жүйесі іске қосылды

Бірнеше күн бұрын Петропавлда электр самокаттарды жалға алу қызметі пайда болды, деп хабарлайды QZ Media тілшісі.

Ыңғайлы және жылдам. Мұндай қызмет Қазақстанның ірі қалаларында бұрын енгізілген. Ал Петропавлда енді қолға алынуда. Қозғалыс құралы қоғамдық көлік пен такси қызметіне жақсы балама болды. Әрине, бұл қызмет үшін Петропавл қаласының әрбір тұрғыны жеке төлем жасайды. Қозғалысты бастау үшін жерлестеріміз 100 теңге төлейді, кейін әрбір жалға алу кезінде минутына 35 теңге төлеп отырады.

Жаңашылдыққа қала тұрғындары екі түрлі көзқараста қарауда. Бірі самокаттарға дән риза. Енді бірі қызметтің пайда болуымен жолдарда ғана емес, жаяу жүргіншілер жолында да қауіп артты дейді.

Самокат мінген жандардың кейбірі жол ережесін сақтамайды. Саябақтарда, аулаларда жүйіткіп, қолайсыздықтар туғызады. Айтпақшы, самокатта жылдамдықты шектеу бар. Әзірге Қазақстан Конституциясы көшесінде, саябақтар мен алаңдарда жылдамдық сағатына 15 шақырымнан, ал жолдарда 25-тен аспайды.

Бірақ, 30 тамызда электр самокаттарды пайдалануға қатысты заң күшіне енеді. Мұның нәтижесінде жалға беру қызметін кез келген адам пайдалана алмайды.

Заңда келесідей ережелер жазылған:

– Жүргізуші кемінде 18 жаста болуы керек

– Самокат мінген жанның басында арнайы дулыға және үстінде жарықпен шағылысатын киім болуы тиіс

– Жүргізушіде кез келген санаттағы жүргізуші куәлігі болуы керек

– Жүріс бөлігінің оң жақ шетінде электр самокаттар қозғалысына рұқсат етіледі

– Самокат мінген жандар жол жиектерімен және велосипед жолдарымен қозғала алады

– Тротуарда немесе жаяу жүргіншілер жолында жылдамдық 6 км-ден аспауы қажет

Ережені сақтамаған азаматтарға 5 АЕК көлемінде айыппұл салынады, бұл 17 мың теңгеден асып жығылады.

 

Shares