Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » Жылыту маусымы: Петропавл 2-ЖЭО 70%-ға дайын

Жылыту маусымы: Петропавл 2-ЖЭО 70%-ға дайын

Петропавл 2-ЖЭО күзгі-қысқы кезеңге негізгі дайындық жұмыстарын белсенді түрде аяқтауда. Бүгінгі таңда ЖЭО 70 пайызға дайын, деп хабарлайды QZ Media тілшісі.

№3,5,6,7,8,11 қазандық қазірдің өзінде жұмысқа кірісуге дайын. №9 қазандықты жөндеу жұмыстары 80 пайызға орындалған. Мұнда, орындаудың соңғы кезеңінде қыздырылмаған аймақтағы иілулерді бақылау және ауыстыру, шаң-газ құбырларын жөндеу, төсеу, оқшаулау және химиялық қорғау қалып отыр. Сондай-ақ, тамыз айының соңына қарай №2,4,5,6,7 турбогенераторларды жөндеу жұмыстары аяқталды. Қыркүйек айының соңына дейін №3 агрегатты қалпына келтіру жұмыстары аяқталады, ол бойынша шаралар 70%-ға орындалды.

«Бүгінде Петропавл 2-ЖЭО екі мұржамен жұмыс істейді. Күзгі-қысқы кезеңге дайындық барысында мамандар №2 мұржада бірқатар жұмыстар жүргізді: ең алдымен оқпанның ішкі жағдайын және отқа төзімді кірпіштен жасалған төсем қабатының герметикалығын тексеріп, параллельді түрде түтін құбырын орнатты. Жаңа шойын қалпақ орнатылды. Осыған ұқсас жұмыстар үшінші мұржада да жүргізілді. Сонымен қатар жөндеушілер құбырдың беті өңдеп, сигналдық түстермен бояды. Бүгінгі таңда екі мұржа да кедергісіз жұмыс істеп, жылу өндіруге дайын», – деп атап өтті компания басшылығы.

Жалпы, жылыту маусымына төніп тұрған қауіп жоқ. Барлық техника толықтай дайындалады.

 

Shares