Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » СҚО-да әкімдік өкілдері, мұғалімдер, медицина қызметкерлері мен зейнеткерлер интернет-алаяқтардың құрығына түскен

СҚО-да әкімдік өкілдері, мұғалімдер, медицина қызметкерлері мен зейнеткерлер интернет-алаяқтардың құрығына түскен

Облыстық прокуратураның бастамасымен қалалық әкімдіктің қабырғасында интернет-алаяқтықпен күреске арналған жұмыс кеңесі өтті. Оған полицейлер, сондай-ақ банк өкілдері шақырылды, деп хабарлайды QZ Мedia тілшісі.

“Өткен жылы алаяқтық фактілері – 23%-ға, ал интернет-алаяқтық 5,1%-ға өсті. Ағымдағы жылдың басынан бері алаяқтықтың 331 фактісі тіркелді. 225-і – интернет-алаяқтық және т.б. Интернет-алаяқтардың облысымызға келтірген жалпы шығыны жыл басынан бері шамамен 383 млн теңгені құрайды. Жәбірленушілердің көбі әкімдік өкілдері, мұғалімдер, медицина қызметкерлері және зейнеткерлер болып табылады”, – деді Петропавл қаласы прокуратурасы тергеу бөлімінің бастығы Азамат Жүсіпов.

Бұл стресстік жағдайда кез-келген адам шатасып, алаяққа сене алатындығын дәлелдейді. Мұндай істер бойынша анықтау көрсеткіші өте төмен болып қалуда, деп атап өтті полиция басқармасының бастығы. Жиналыста Марат Жұмалиев желілік алаяқтардың құрбандарына көмектесетін тиімді әдіс туралы айтты.

“ҚР бойынша да, біздің облыста да ең пәрменді әдіс “Egov” қосымшасы арқылы жасалады. Атап айтқанда, 6 айға займ және микронесие алудан ерікті түрде бас тарту болып қала береді. Бүгінгі таңда облыс орталығында “Egov” қосымшасы арқылы 21 мың абонентті бұғаттадық”, – деді Петропавл қаласы полиция басқармасының бастығы Марат Жұмалиев.

Марат Жұмалиев күрделі мәселені шешу үшін банк өкілдеріне тағы да жүгінді. Қалалық полиция басқармасының бастығы студенттер өз аттарына жасатқан карталарды сату арқылы ақша таба бастағанын айтады. Олар картаны дропперлерге сатады. Бұл – банктік карталардан басқа адамдардың қаражатын алу операцияларын жүргізетін алаяқтардың көмекшілері. Мәселе маңызды және қаржы институттары басшыларының назарын талап етеді, деп атап өтті Марат Жұмалиев.

Shares