Ресейде өткен халықаралық турнирде солтүстікқазақстандық жас каратэшілер 27 медаль жеңіп алды
Омбы қаласында Олимпиада чемпионы Николай Солодухиннің қатысуымен дзюдодан халықаралық семинар өтті. Чемпион қатысушыларға оған олимпиада алтынын жеңіп алуға және әлем чемпионы атануға мүмкіндік берген бірегей әдіс-тәсілдерді көрсетті. Семинарға Қазақстандық жастар, сондай-ақ Томск, Новосибирск, Омбы мен Кемерово облыстарының спортшылары қатысты, деп хабарлайды QZ News тілшісі.
Сонымен қатар, семинар аясында каратэ-до годзю-рю бойынша жасөспірімдер мен қыздар арасында халықаралық турнир өтті. Дене шынықтыру және спорт басқармасының мәліметінше, Солтүстік Қазақстан облысы құрама командасының қоржынында 7 алтын, 12 күміс және 8 қола медаль бар. Қазір СҚО каратэшілері республикалық турнирге дайындалуда.