Петропавловск
+21°C
Главная страница » CҚО » 2025 жылы Жамбыл ауданында көкөніс сақтайтын қойма, мал сою алаңдары мен мал бордақылау алаңдарын салу жоспарлануда

2025 жылы Жамбыл ауданында көкөніс сақтайтын қойма, мал сою алаңдары мен мал бордақылау алаңдарын салу жоспарлануда

Өңірлік коммуникациялар алаңында өткен брифингте Жамбыл ауданының әкімі Азамат Бектасов ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары мен перспективалық жоспарлары туралы айтты, деп хабарлайды QZ News тілшісі.

Жамбыл ауданында соңғы 10 айдың ішінде 55 млрд 353 млн теңгенің ауыл шаруашылығы өнімі өндірілген. Жалпы,  ауданда барлығы 250-ге жуық  ауыл шаруашылығы кәсіпорны бар. Оларда тұрғындардың 45 пайыздан астамы жұмыс істейді.

«Егістік алқаптарының жалпы құрылымының 70 пайыздан астамы дәнді және бұршақ дақылдарына, 20,5 пайызы майлы дақылдарға тиесілі. Алдын ала мәліметтер бойынша облыс бойынша астықтың орташа жалпы түсімі 457 мың тоннаны құрап, орташа өнімділігі 19,7 ц/га, майлы дақылдар 86,9 мың тонна, өнімділігі 13,5 ц/га құрады. Кейбір шаруашылықтарда өнімділік рекордтық деңгейге жетті: «Ақ жер»– 2010 ж. ЖШС-де өнімділік 42 ц/га, «Шатило и К» ЖШС – 23,9 ц/га, «Фирма МАК» ЖШС – 27,3 ц/га құрады.Мұндай көрсеткіштерге қол жеткізуге заманауи агротехнологияларды қолдану, жоғары сапалы тұқым, тыңайтқыштарды қолдану, егістіктерді химиялық әдіспен арамшөптерден арылту, зиянкестер мен ауруларға қарсы күрес сияқты агротехникалық шаралардың барлығын жүргізу ықпал етті», – деді аудан әкім.

Келер жылға 38,6 мың тонна дәнді дақылдар тұқымы құйылды, бұл жоспарлы көрсеткіштің 100 пайызын құрайды. Малды жеммен қамтамасыз ету үшін 85 мың тонна шөп пен 10 мың тоннаға жуық пішендеме дайындалды, бұл бір жарым жылдық жем қоры.

«Желтоқсан айында «Агротехника Жамбыл» ЖШС қуаттылығы жылына 2,2 мың тонна сүт өндіретін 400 басқа арналған сүт фермасының құрылысын аяқтау жоспарлануда. Жобаның құны 2,4 млрд теңгені құрайды. Келесі жылдың басында Германиядан 400 бас голштин тұқымды ірі қара сатып алу жоспарлануда. Сондай-ақ 600 басқа арналған, жылына 2,7 мың литр өнім беретін «ИП Алисарай» сүт-тауарлы фермасы да аяқталу сатысында тұр. Сүт-тауарлы фермаларды іске қосу экономикалық және әлеуметтік нәтиже береді. Ол импортты алмастыру, жұмыс орындарын ашу, сүт өндірісін арттыруға мол мүмкіндік береді. Жергілікті тұрғындар сапалы әрі қымбат емес өнімдерге қол жеткізеді. Бұл өз кезегінде жалпы өмір сүру деңгейін жақсартуға септігін тигізеді», – дейді Азамат Бектасов.

2025 жылы Жамбыл облысында «СПК Суаткөл Агро» ЖШС-де 1000 тонналық көкөніс сақтау қоймасын салу, «Екпін 2002» ЖШС-нің қой фермасын 10 мың басқа дейін кеңейту жоспарлануда.  Ветеринариялық талаптарды орындау мақсатында мал сою алаңдары мен мал бордақылау алаңдарын салу жоспарлануда.

Shares