Сырымбек Тау: Ел болашағына сеніммен қарау керек
23 сентября, 2026 19:24

Белгілі кәсіпкер Сырымбек Тау Қазақстанның болашағына күмәнмен емес, сеніммен қарау керек деп есептейді. Оның айтуынша, елдің келешегі әр азаматтың бүгінгі ісіне байланысты.
«Егер өркениетті, бүгінгіден де жақсы Қазақстанды көргіміз келсе, әрқайсымыз елге пайдамызды тигізуіміз қажет. Ұрпағымыз жақсы Қазақстанда өмір сүрсін десек, оған бүгіннен бастап үлес қосуымыз керек», – деді кәсіпкер.
Сырымбек Тау қоғамға пайда келтіру міндетті түрде партия мүшесі болумен өлшенбейтінін атап өтті. Оның пікірінше, адал еңбек етудің өзі – елге қосылған үлес.
