Петропавловск
+21°C
Главная страница » Агро » 14 маусымда Петропавлдың үш базарында ауыл шаруашылығы жәрмеңкелері өтеді

14 маусымда Петропавлдың үш базарында ауыл шаруашылығы жәрмеңкелері өтеді

14 маусым күні Петропавл қаласының үш бірдей базарында дәстүрлі ауыл шаруашылығы жәрмеңкелері өтеді. Қала тұрғындары алты ауданның шаруа қожалықтары мен жеке қосалқы шаруашылық иелерінен табиғи өнімдерді тікелей сатып ала алады, деп хабарлайды QZ News.

Сауда сөрелерінде 25-тен астам түрлі өнім ұсынылады: сиыр, шошқа, қой және құс еті, сүт өнімдері, көкөністер, балық пен жұмыртқа. Барлығы – жергілікті өндірушілерден, делдалсыз әрі дүкен бағасынан төмен. Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының мәліметінше, жәрмеңкедегі тауар бағасы орта есеппен нарықтық бағадан 15%-ға арзан.

Жәрмеңкелер сағат 8:30-дан 12:00-ге дейін келесі орындарда өтеді:

•⁠ ⁠«Алтын Арман» базары – Айыртау, Тайынша және Шал ақын аудандарының өнімдері ұсынылады.
•⁠ ⁠«Қызылжар Ақбастау» – Аққайың және Қызылжар аудандарының тауарлары сатылады.
•⁠ ⁠«Дария» базары – Мағжан Жұмабаев ауданының шаруашылықтары қатысады.

Shares