Петропавлда «Әуежай-Антитеррор-2025» атты антитеррористік оқу-жаттығу өтеді
June 12, 2025 08:10

Бүгін, 12 маусым күні, сағат 09:00-ден 12:00-ге дейін «Қызылжар халықаралық әуежайы» ЖШС аумағында «Әуежай-Антитеррор-2025» атты антитеррористік оқу-жаттығу өткізіледі. Іс-шара Қазақстан Республикасы Антитеррористік орталығының үйлестіруімен Солтүстік Қазақстан облысының терроризмге қарсы жедел штабының ұйымдастыруымен өтеді, деп хабарлайды QZ News.
Солтүстік Қазақстан облысының терроризмге қарсы жедел штабы азаматтарға үндеу жасап, сабыр сақтауға, тек ресми ақпарат көздеріне сенуге және оқу-жаттығуға қатысатын мемлекеттік орган қызметкерлерінің әрекеттеріне түсіністікпен қарауға шақырады.
