Петропавловск
+21°C
Главная страница » Агро » 200 жаңа жұмыс орны: СҚО-да сүт фермаларын салу жұмысы жалғасуда

200 жаңа жұмыс орны: СҚО-да сүт фермаларын салу жұмысы жалғасуда

“Солтүстік” ӘКК АҚ агрожобаларды жеңілдікпен несиелеу жөніндегі Солтүстік Қазақстан облысының тәжірибесін тарату бойынша қабылданған ауқымды жоба шеңберінде алғашқы бес тауарлы-сүт фермасының құрылысына қарыз беруді қарады және мақұлдады, деп хабарлайды QZ Мedia тілшісі.

Қысқасын айтқанда, өңірдің 5 агроқұрылымы өз бизнесін кеңейту мүмкіндігін пайдаланды. Тауарлы-сүт фермаларының құрылысы ауылды дамытуға зор мүмкіндік береді. Өңірдің ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер 1300, 800, 400 және 600 басқа арналған ферма салады. Ауыл тұрғындары үшін 200-ге жуық жаңа жұмыс орны ашылады. Әркімнің қарыз сомасы әртүрлі. Берешек ферманың қуаттылығына байланысты бөлінді. Алайда, барлығына несие беру шарттары бірдей. Қарыз 10 жылға дейінгі мерзімге жылдық көтермеақысы 2,5% беріледі. Жеңілдік кезеңі бар. Ол қаржыландыру сәтінен бастап екі жылға дейінгі аралықты құрайды.

Тауарлы-сүт фермаларын салуға барлығы 17 млрд теңге бөлінді. Жалпы саны 18 жобаны іске асыру жоспарлануда.

 

 

 

Shares