Петропавловск
+21°C
Главная страница » Агро » М. Жұмабаев ауданында 101,3 мың тонна астық бастырылды

М. Жұмабаев ауданында 101,3 мың тонна астық бастырылды

11 қыркүйектегі жағдай бойынша М. Жұмабаев ауданында 65,4 мың гектардағы дәнді дақыл шабылды. 61,3 мың гектардағы өнім жиналып, 101,3 мың тонна астық бастырылды. Гектар берекелігі 16,5 центнерді құрайды, деп хабарлайды QZ News тілшісі.

Майлы дақылдар болса 3,4 мың гектарда шабылды. 8,3 мың гектар сүдігер жер өңделді. Биыл М. Жұмабаев ауданында 785 комбайн, оның ішінде 346 жоғары өнімді комбайн ораққа қатысып жатыр. Егін жинау үшін ауданның ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері ЖЖМ операторларымен 5717,8 тонна көлемінде арзандатылған дизель отынын жеткізуге шарттар жасасты. Жаңа астықты кептіру үшін 2124,9 тонна көлемінде арзандатылған дизель отыны жеткізілетін болды.

2024 жылы М. Жұмабаев ауданындағы ауыл шаруашылығы дақылдарының ауданы 434,2 мың гектарды құрайды. Дәнді-бұршақты дақылдарды егуге 332 мың гектар бөлінді, майлы дақылдар 69,2 мың гектар алқапқа себілді, жемшөп дақылдарына 33 мың гектар қарастырылды, ал картопқа 0,22 мың гектар, көкөністерге 0,04 мың гектар бөлінді.

Shares