Мамлют ауданының алқаптарында көктемгі егіс қызу жүріп жатыр
6 мамырдан бастап Мамлют ауданында көктемгі дала жұмыстарының белсенді кезеңі басталды. Бүгінде аудан диқандары 7,4 мың гектар жерге дән септі, деп хабарлайды QZ News.
Егіс құрылымында негізгі үлесті дәнді және бұршақты дақылдар алып отыр – 5,8 мың гектар. Майлы дақылдарға 1,6 мың гектар бөлінген. Алқаптарда 25 ауыл шаруашылығы техникасы жұмылдырылған.
2025 жылғы егіс науқанына аудан шаруалары 26,6 мың тонна тұқым дайындады. Оның 23,5 мың тоннасы – дәнді және бұршақты, 1,3 мың тоннасы – майлы, 0,3 мың тоннасы – мал азықтық және 1,5 мың тоннасы – картоп тұқымы. Тұқым сапасы жоғары деңгейде: тексерілген 26,2 мың тонна дәнді, майлы және мал азықтық дақылдар тұқымының 43,5%-ы – 1-сыныпқа, 38,2%-ы – 2-сыныпқа, 18,4%-ы – 3-сыныпқа жатады.
Сорт жаңарту мен өнімділікті арттыру мақсатында ауданға 1881 тонна элиталық және 2 тонна суперэлиталық тұқым жеткізілді. Өз күштерімен 695 тонна дайындалды. Қазіргі таңда сорт жаңарту деңгейі 11,2%-ды құрап, жоспарға сай келеді.
Болашақ өнімнің кепілі – минералды тыңайтқыштарды қолдану. 2025 жылға 14 099 тонна енгізу жоспарланған. Қазіргі таңда 12 425 тонна (88,1%) тыңайтқышқа келісімшарт жасалып, 12 300 тоннасы (87,0%) төленді, 9 889,8 тоннасы (70,0%) шаруашылықтарға жеткізілді.
Арамшөптер мен зиянкестерден қорғау мақсатында химиялық өңдеу 157,6 мың гектарға қарсы арамшөптерге және 55 мың гектарға зиянкестер мен ауруларға қарсы жүргізілмек.
Техниканың егіске дайындығы – 100%. Ауыл шаруашылығы құрылымдары 949 трактор, 823 дән сепкіш және 70 заманауи егіс кешенімен қамтамасыз етілген. Соңғы жылдары жүргізіліп жатқан техникалық жаңғырту барлық агротехникалық шараларды сапалы әрі уақытында жүргізуге мүмкіндік беріп отыр.
Жыл басынан бері ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер 505,5 млн теңгеге 40 дана техника сатып алды. Жанар-жағармаймен үздіксіз қамту да бақылауда. Көктемгі егіс жұмыстарына 2 648 тонна дизель отыны бөлініп, толық төленді. Қазіргі таңда 1 818 тонна жөнелтілсе, шаруашылықтарда 2,1 мың тонна көлемінде қор бар. Арзан жанармайды 254 теңге/литр бағамен жеткізу үшін 11 оператор анықталған.
Мал шаруашылығын дамыту шеңберінде мал азықтық база кеңейтілуде. Егіс құрылымында 18,2 мың гектар мал азықтық дақылдарға бөлінген, оның ішінде 10,4 мың гектар – көпжылдық шөптердің бұрынғы егістері. Биыл 1,3 мың гектарға көпжылдық, 5,5 мың гектарға біржылдық шөптер және 1 мың гектарға сүрлемге арналған жүгері егу жоспарланған.
Қазіргі таңда 186,1 мың гектарда (жоспардың 100%) ылғал жабу жұмыстары аяқталды, 59,0 мың гектарда екінші із жүргізілді. 23 мың тонна тұқымның ауа-жылу әдісімен қыздырылуы (100%) және 21,0 мың тонна тұқымның дәріленуі (91,3%) орындалды. 73,3 мың гектар алқапқа 5 500 тонна минералды тыңайтқыш енгізілді.
Алдын ала болжам бойынша, Мамлют ауданында көктемгі егіс науқаны 10 маусымға дейін толық аяқталады.