2025 жылғы 25 қыркүйек – Қазақстан Республикасында жалпыұлттық аза тұту күні

Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » Соғыс ардагері Василий Макиенко өмірден озды

Соғыс ардагері Василий Макиенко өмірден озды

May 16, 2025 14:32

Бүгін соғыс ардагері Василий Васильевич Макиенко дүние салды. Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов туған-туыстары мен жақындарына қайғыра көңіл айтты, деп хабарлайды QZ News.

Василий Васильевичтің өмір жолы – ерлік пен жанқиярлықтың, Отанға адал қызмет етудің жарқын үлгісі. Ол әскерге 18 жасқа толмай жатып шақырылып, атқыштар полкінің, оның ішінде гвардиялық құрамының сапында ауыр майдан жолын өткерді. Көрсеткен ерлігі үшін II дәрежелі Отан соғысы орденімен және бірнеше медальдармен марапатталды.

Соғыстан кейін бейбіт еңбекке бет бұрып, өңірдің дамуына үлес қосты: су құбыры шаруашылығы саласында қызмет етті, 13 жыл бойы техникалық жабдықтау өндіріс басқармасы басшысының орынбасары лауазымында еңбек етті.

«Біздің ардагеріміз өмірсүйгіш, белсенді де салауатты өмір салтын ұстанған жан еді. Ол жас ұрпақ үшін рухтың күшін, нағыз патриотизмді паш еткен үлгі болды. Өткен жылы ол облыс тұрғындарымен бірге Мәңгілік алауға гүл шоқтарын қою рәсіміне қатысып, бұл сәт барлық солтүстікқазақстандықтар үшін ерекше тебіреністі, мақтаныш пен терең құрмет сезімін тудырды. Келер жылы ардагер 100 жасқа толар еді. Василий Васильевич Макиенконың ерлігі мен еңбек жолы солтүстікқазақстандықтардың жүрегінде мәңгі сақталады», – деп жазды өңір басшысы әлеуметтік желілерде.

Shares