Петропавловск
+21°C
Главная страница » Агро » Өңірімізде неміс зерттеушілері органикалық ауыл шаруашылығына қатысты жобалармен айналысады

Өңірімізде неміс зерттеушілері органикалық ауыл шаруашылығына қатысты жобалармен айналысады

Қозыбаев университетінің Агротехнологиялық факультетіне Гогенгеймлік университетінің (Германия) екі жас зерттеушісі — магистранттар Киношита Норико мен Августин Рика келді. ЖОО-ның баспасөз қызметі жариялағандай, қонақтарды Басқарма Төрағасы-Ректор Ербол Исақаев қарсы алды, деп хабарлайды QZ Media тілшісі.

Ербол Исақаев атап өткендей, агротехнологиялық факультет – ғылым, ғалымдарды тарту, жобаларды жүргізу тұрғысынан ең үздік факультеттердің бірі.

“ЖОО-дағы уақыттарыңызды тиімді өткізіңіздер. Біз Қытайдағы серіктес университетімізден тағы 23 магистрант күтеміз. Олар да АФ-қа келеді. Менің ойымша, сіздер бірлесіп, жемісті жұмыс атқарасыздар. Бізге жақсы ғылыми идеялар керек. Әрқашан жаңа жобаларға ашықпыз».

Тағылымдама аясында неміс зерттеушілері органикалық ауыл шаруашылығына қатысты жобалармен жұмыс істейтін болады, бұл – біздің университеттің негізгі бағыттарының бірі. Киношита Норико мен Августин Рика СҚО-ның бірқатар агроқұрылымдарына барды, олармен біздің ЖОО-да берік әріптестік қарым-қатынас орнады. Органикалық ауыл шаруашылығы экологиялық тұрақтылық пен азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуде маңызды рөл атқарады. Біз өнімнің сапасын арттыруға және табиғи ресурстарды сақтауға мүмкіндік беретін үлкен перспективаларды байқадық. Hohenheim университеті зерттеушілерінің қатысуы озық тәжірибелер мен технологияларды енгізуге,
сондай-ақ, халықаралық ғылыми көкжиегімізді кеңейтуге көмектеседі. Неміс зерттеушілері қазан айының соңына дейін Қозыбаев университетінде болады.

Shares