Петропавловск
+21°C
Главная страница » Агро » Петропавлда күзгі ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтті

Петропавлда күзгі ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтті

Өткен демалыс күндері Петропавлда дәстүрлі күзгі ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтті. Оған барлық ауданнан келген өкілдер қатысты. Бұл – облыстағы жүзден астам ірі кәсіпорын, деп хабарлайды QZ Media тілшісі.

Күнделікті сұраныстағы тауарлардың бағасы нарық бағасынан төмен. Макарон 280 теңгеден, сүт 200 теңгеден, ірімшік 850 теңгеден. Картоп пен пияздың келісі 100 теңгеден, сәбіз 110 теңгеден, қырыққабат 120 теңгеден сатылды. Сатып алушыларға ауыл шаруашылығы өнімдері, мал азығы, бал, балық ұсынылды.

«Бүгін ауылшаруашылық жәрмеңкесі өтіп жатыр, өнімдердің барлығы экологиялық таза, ауылдан жеткізілген, бағасы да тиімді. Біз әрқашан барлық қажетті тауарларды жәрмеңкеден алуға тырысамыз», – деп бөлісті облыс орталығы тұрғындарының бірі.

 

«Барлық тауарлардың бағасы өте қолжетімді. Мен жұмыртқа мен бал сатып алдым. Петропавл қаласында тұрамын. Қалада жәрмеңке болады дегенді естісем, міндетті түрде келемін», – дейді тағы бір қала тұрғыны.

Жалпы бұл күні мың тоннадан астам өнім сатылды.

Shares