Петропавловск
+21°C
Главная страница » Агро » Петропавлда жанар-жағармаймен үздіксіз қамтамасыз ету мәселесі талқыланды

Петропавлда жанар-жағармаймен үздіксіз қамтамасыз ету мәселесі талқыланды

СҚО кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасының басшысы Дархан Әмрин аққайыңдар өлкесінің «Эталон-Регион» ЖШС, «Солтүстік отын компаниясы» ЖШС және «Промгаз» ЖШС сынды ірі жанармай құю бекеттерінің басшыларымен кеңес өткізді, деп хабарлайды QZ News тілшісі.

Дархан Әмрин Instagram парақшасында жазғандай, кездесуде өңірді мұнай өнімдерімен қамтамасыз ету мәселелері талқыланды.

«Орақ науқаны кезінде шаруа қожалықтары мен халықты жанар-жағармаймен үздіксіз қамтамасыз ету аса маңызды. Айтуға тұрарлық жайт, бүгінде облыс орталығындағы кейбір жанар-жағармай құю бекеттерінде сату талон арқылы жүзеге асырылады. Бұл мәселені мүмкіндігінше тезірек шешу керек. Жауапты қызметкерлерге жеткізу мен бақылауды қамтамасыз етуді тапсырдым», — деп жазды СҚО кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасының басшысы.

Shares