Қасым-Жомарт Тоқаев: «Астық өндіретін диқандарға қажетті көмек көрсету керек»
Биыл солтүстікқазақстандық диқандар біраз қиындық көрді. Жаздағы аптап ыстық пен жаңбырлы қыркүйек егін жинау науқанын тиісті деңгейде өткізуге кедергі келтіруі мүмкін, деп хабарлайды QZ Media тілшісі.
Ақорданың телеграм-каналында хабарланғандай, Қазақстан Президенті үкіметке астық өндіретін фермерлер мен шаруа қожалықтарына қаржылай және өзге де қажетті көмек көрсетуді тапсырды.