Петропавловск
+21°C
Главная страница » Агро » Саланы қолдауға 63 млрд теңгеден астам қаржы қарастырылған

Саланы қолдауға 63 млрд теңгеден астам қаржы қарастырылған

Өңірдің ауыл шаруашылығы саласындағы мемлекеттік қолдау көлемі 63 млрд теңгеден асып жығылады. Оның 20 миллиардқа жуығы – өсімдік шаруашылығына, 10 миллиардқа жуығы – мал шаруашылығына, 34 миллиарды басқа да бағыттарға, деп хабарлайды QZ Media тілшісі.

Солтүстік Қазақстан облысы тәуекелді шаруашылық аймағына жатады. Басты мәселе – ылғал. Мол өнім алу үшін солтүстікқазақстандық диқандар қазір шаруашылықтарына озық технологияларды енгізуге белсене кірісті. Суару жүйесі ауылшаруашылық дақылдарының өнімділігін арттыруға ғана емес, сонымен қатар бүкіл процесті жүйелеуге мүмкіндік береді. 2023 жылы облыста суармалы егіс алқаптарының көлемі екі есеге ұлғайтылды. Негізгі дақылдар – картоп, көкөніс және мал азығы.

«2023 жылы су үнемдеу технологиясын қолдана отырып, жаңадан 5 инвестициялық жоба енгізіледі. Жалпы аумағы 1500 гектардан асады. Бұл жобалар мемлекеттік қолдаудың арқасында жүзеге асты. 5 жобаның құны 3 миллиард теңгеден асып отыр. Айта кету керек, бұл жүйені енгізудің арқасында дәнді дақылдардың өнімділігі гектарына 20-дан 35 центнерге дейін жетіп отыр», – деп атап бейінді басқарма өкілдері.

Shares