Петропавловск
+21°C
Главная страница » Агро » СҚО аграрийлері ауыл тұрғындарына қалай көмектесулері керек?

СҚО аграрийлері ауыл тұрғындарына қалай көмектесулері керек?

Облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов Қызылжар ауданындағы Новоникольское ауылының тұрғындарымен кездесіп, «Зенченко и К» КС қызметімен танысты, деп хабарлайды QZ Media тілшісі.

“Зенченко әулеті өз дәстүрін ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп, үлгілі шаруашылық табысты дамып келеді.Кәсіпорын ауылды көркейтуге қомақты қаржы құюда. Спорт кешенін салып, мәдениет үйі мен балабақшаны қалпына келтірді. Мектеп пен дәрігерлік амбулатория жаңарды. Бұл бизнестің ауылға және оның тұрғындарына көмек жасаудың тамаша мысалы”, – деп атап өтті облыс әкімі.

Әлеуметтік жауапкершілік тақырыбы Қызылжар ауданының диқандарымен кездесуде жалғасын тапты. Сонымен қатар, өңір басшысы Новокаменкадағы құс фабрикасы мен Подгорное ауылындағы кірпіш зауытына барды. Аудан орталығында Ахмутдинов жеке кәсіпкерлігі пеллеттер жасап, ағаш көшеттерін өсірумен айналысады.

Есіл ауданындағы Корнеевкада СҚО әкімі «Атамекен Агро» сүт фермасының құрылыс алаңында болды. 1,6 мың басқа арналған бұл кешен облыстағы және елдегі ең үлкен фермалардың біріне айналмақ.

 

 

Shares