СҚО «BELAGRO-2024» халықаралық агроөнеркәсіптік көрмесіне қатысуда
Минскіде «Ұлы тас» Қытай-Беларусь индустриялық паркінің көрме орталығында жыл сайынғы «BELAGRO-2024» халықаралық агроөнеркәсіптік көрмесі өтуде. Ол 2024 жылдың 4 маусымы мен 9 маусымы аралығында өтеді, деп хабарлайды QZ Мedia тілшісі.
Көрмеде өсімдік шаруашылығын, мал және құс шаруашылығын дамыту, өнімді өңдеу, орау және сақтаудың заманауи технологиялары, сондай-ақ ауыл шаруашылығы техникасының алуан түрі сияқты озық бағыттар ұсынылған.
«BELAGRO-2024» көрмесінің ұйымдастырушылары Беларусь Республикасының Ауыл шаруашылығы және азық-түлік министрлігі мен Беларусь Республикасының Өнеркәсіп министрлігі болып табылады.
Көрмеге Беларусь, Ресей, Қырғызстан, Қазақстан, Қытай, Мордовия, Татарстан және басқа да елдерден 500-ден астам компания қатысты. Көрмеде дәстүрлі түрде ауыл шаруашылығының барлық салаларында қолданылатын 300-ге жуық техника ұсынылады.
“Солтүстік Қазақстан облысының экспозициясын 10 кәсіпорын ұсынды: «Зенченко и К» КТ сүт өнімдері, «Масло-Дел Петропавловск» ЖШС, «Евразиан Милк» ЖШС ірімшіктері, «BioOperations» ЖШС жоғары өңделген бидай өнімдері, макарон өнімдері. «Сұлтан ЭММК» АҚ өнімдері, «SK Protein» ЖШС-нің жем қоспасы, «EMC Agro» ЖШС-нің ет өнімдері, «Петропавл арақ зауыты» ЖШС-нің жоғары күшті сусындар және «Авагро» ЖШС мен «ST ESEMBLY» ЖШС-нің ауылшаруашылық техникасы”,- делінген СҚО ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының хабарламасында.