Петропавловск
+21°C
Главная страница » CҚО » СҚО шабандоздары бәйгеден ел чемпионатында екі жүлделі орынды иеленді

СҚО шабандоздары бәйгеден ел чемпионатында екі жүлделі орынды иеленді

June 15, 2025 10:55

Бескөлдегі ипподромда Қазақстанның ұлттық ат спортынан бәйге бойынша ел чемпионатының төртінші іріктеу кезеңі өтті, деп хабарлайды QZ News.

Еліміздің түкпір-түкпірінен келген үздік шабандоздар қомақты жүлде қоры үшін ғана емес, сонымен қатар финалға жолдама алу үшін бақ сынасты. Бұл сайыста Солтүстік Қазақстан облысының намысын 13 спортшы қорғады. Олардың екеуі жорға жарысы бойынша ерекше нәтиже көрсетті.

Алия Тоқтасынова Граф Лок атты атымен жарысып, екінші орынды иеленді. Ал Андрей Ровдо Триумф атты тұлпарының үстінде тамаша өнер көрсетіп, үшінші жүлделі орынға ие болды.

Shares