СҚО-да 3,2 млн га аумақта арамшөптерге қарсы химиялық өңдеу жүргізілді
Солтүстік Қазақстан облысында жыл сайын егінді түрлі арамшөптерден, зиянкестер мен аурулардан қорғау жұмыстары жүргізіледі. Өңір егістіктерінде арамшөптер мен зиянкестерге қарсы химиялық өңдеуді жүргізу үшін 2024 жылға арналған пестицидтерді субсидиялау бағдарламасы аясында 11,3 млрд теңге бөлінді, деп хабарлайды QZ Мedia тілшісі.
СҚО ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының мәліметінше, ағымдағы жылы СҚО бойынша 3,2 млн га аумақта – арамшөптерге, 211,4 мың га – зиянкестерге, 599,2 мың га ауруларға қарсы химиялық өңдеу жүргізіледі.
“Егістіктерді химиялық өңдеу басталды, арамшөптерге қарсы гербицидтік өңдеу 2257,1 мың га немесе 71,6% жүргізілді, жоспар – 3,2 млн га, ауруларға қарсы өңдеу 458,4 мың га немесе 76,5% жүргізілді, жоспар – 599,2 мың га. Ал зиянкестерге қарсы 281,2 мың га өңделді. Осылардың ішінде облыс бойынша 440,3 мың га алаңда немесе 88% пар өңдеу жүргізілді. Жоспар – 500,9 мың га”, – деп атап өтті СҚО ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы.