СҚО-да астық жинауға 7 мыңнан астам комбайн шығады
СҚО әкімдігінде өткен отырыста астық жинау және жем-шөп дайындауға қатысты мәселелер талқыланды, деп хабарлайды QZ News тілшісі.
Биыл ауыл шаруашылығын дамытуға 60 миллиард теңгеден астам қаржы бөлінді. Барлық қаражаттың үштен бірі өсімдік шаруашылығын дамытуға бағытталған. Жыл басынан бері аграрлық салаға 41 млрд.тг инвестиция тартылды. Мұның барлығы шаруаларға қажетті технологияларды пайдалануға, минералды тыңайтқыштарды енгізу және техниканы жаңартуға мүмкіндік береді.
“Бүгінгі таңда дәнді дақылдардың 80 пайызының жағдайы жақсы. Биыл 49 мың тонна элиталық тұқым себілді, сорт жаңарту 10,1 пайызды құрады. 254 мың тонна минералды тыңайтқыш енгізілді. Егін жинауға 7,3 мың астық жинайтын комбайн қатысады. Техниканың дайындығы 100 % құрайды. 59 мың тонна жеңілдетілген дизель отыны бөлінді. Облыста 46 элеватор мен агроқұрылымдардың сақтау орындарының сыйымдылығы 6,9 млн тоннаны құрайды. Барлық элеваторлар дайын”,- деп жазды облыс әкімі өзінің телегрмм арнасындаЯ
Сондай-ақ 976 мың тонна шөп пен 345 мың тонна пішендеме дайындалды.
Отырыс қорытындысы бойынша облыс басшысы Ғауез Нұрмұхамбетов ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасына аудан әкімдерімен бірлесіп, егін орағы науқанын оңтайлы агротехникалық мерзімде аяқтауды, барлық элеваторларды қадағалауды, жанар-жағармай және басқа да материалдармен қамтамасыз етуді тұрақты бақылауда ұстауды тапсырды.