Петропавловск
+21°C
Главная страница » Агро » СҚО-да бруцеллез анықталды

СҚО-да бруцеллез анықталды

2023 жылғы 7 тамызда Аққайың ауданына қарасты Ленинское ауылында 9 бас ірі қарадан бруцеллез ауруы анықталды, деп хабарлайды QZ Media тілшісі облыстық ветеринария басқармасына сілтеме жасап.

2023 жылдың басынан облыстың 5 ауданында бруцеллезбен ауыратын 170 бас ірі қара анықталған.

– Айыртау ауданы – 19 бас.

– Ақжар ауданы – 41 бас.

– Аққайың ауданы – 91 бас.

– Қызылжар ауданы – 12 бас.

– Уәлиханов ауданы – 7 бас.

Облыстың 4 елді мекенінде бруцеллезге байланысты шектеулер енгізілді. Біреуінде шектеу алынып тасталды. Шектеу әлі мына ауылдарда сақталып отыр:

– Камышлово ауылы, Аққайың ауданы

– Талшық, Ақжар ауданы

– Ленинское ауылы, Аққайың ауданы

Shares