Петропавловск
+21°C
Главная страница » Агро » СҚО-да егіс науқаны аяқталды

СҚО-да егіс науқаны аяқталды

Ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының мәліметінше, Солтүстік Қазақстан облысында егіс науқаны аяқталды. Диқандар 4,5 млн гектар жерге дәнді, майлы, жемшөп дақылдарын және картоп пен көкөністер екті, деп хабарлайды QZ Мedia тілшісі.

Егіс жұмыстарына әртүрлі модификациядағы 12,7 мың бірлік трактор, 14 мың бірлік астық сепкіш және өнімділігі аса жоғары 1,5 мың заманауи егіс кешені тартылды. Аграршылар литрі 250 теңгеден арзандатылған ЖЖМ-мен қамтамасыз етілді. 

“Қазір топыраққа минералды тыңайтқыштарды енгізу жұмыстары жалғасуда. Биыл ауыл шаруашылығын дамытуға мемлекет 60 млрд теңге көмек бөлді”, – делінген ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының хабарламасында.

Shares