Петропавловск
+21°C
Главная страница » Агро » СҚО-да тауарлы-сүт фермасын салуға ниетті фермерге қарыз берілмеген

СҚО-да тауарлы-сүт фермасын салуға ниетті фермерге қарыз берілмеген

Прокуратура органдары инвестициялық жобаларды сүйемелдеу бойынша жұмыс жүргізуде. Жақында оларға жергілікті фермер жүгінген. Іскер жанға тауарлы-сүт фермасын салу үшін қарыз берілмеген, деп хабарлайды QZ Мedia тілшісі.

Отандық инвестор – “Алисарай” ЖШС Жамбыл ауданында 600 бас ірі қара малға арналған тауарлы-сүт фермасын салуды жоспарлап отыр. Жобаның жалпы құны – 1,8 млрд теңге. ТСФ пайда болуымен 25 жұмыс орны пайда болады.

Жобаны жүзеге асыру барысында инвестор мемлекеттік займ алғанда әкімшілік кедергілермен соқтығысқан.

“Инвестордың қатысуымен Фронт-офис жұмысы шеңберінде ағымдағы проблема қаралды және мемлекеттік органдарға сәйкес тапсырма берумен оны шешу бойынша ұсыныстар дайындалды. Прокуратураның үйлестіруі арқасында инвестордың проблемалары шешілді, оған сомасы 500 млн теңге мемлекеттік заем берілді, бұл оған жобасын одан әрі жүзеге асыруға мүмкіндік берді”, – делінді прокуратура қабырғасында.

 

Shares