Петропавловск
+21°C
Главная страница » Агро » СҚО диқандары арасында «Кең дала-2» мемлекеттік бағдарламасы зор сұранысқа ие

СҚО диқандары арасында «Кең дала-2» мемлекеттік бағдарламасы зор сұранысқа ие

ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді жеңілдікпен қаржыландыруды тиімді пайдалану және игеру мәселелері жөніндегі кеңес өткізді, деп хабарлайды QZ News тілшісі.

Мәселен, ағымдағы жылы көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын қаржыландыруға 580 млрд теңге бағытталды, оның 100 млрд теңгесі ауыл шаруашылығы техникасының жеңілдікті лизингіне көзделген. Жеңілдетілген қаржыландырумен шамамен 5 млн га алаң қамтылды.

«Кен дала-2» бағдарламасы бойынша ӘКК арқылы қаражаттың 47% игерілді. Жалпы, бүгінгі таңда бизнестің кредиттелген субъектілерінің 89% шағын және орта АШТӨ құрайды. Бұл көрсеткіш АШТӨ-де қаржыландырудың жаңа арнасы талап етілгенін көрсетеді. Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Ақмола облыстарының ӘКК көшбасшыларының қатарында», – деді «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ Басқарма төрағасы Алмат Әшірбеков.

Сонымен қатар, СҚО тәжірибесін тираждау шеңберінде инвестициялық жобаларды іске асыруға бөлінген 100 млрд теңгенің 91%-ы игерілді. Кеңес соңында Айдарбек Сапаров вице-министрлерге жетекшілік ететін бағыттар бойынша қаражатты уақтылы және сапалы игеру бойынша жұмысты күшейтуді тапсырды.

Shares