Петропавловск
+21°C
Главная страница » Агро » СҚО диқандары егіс үшін арзандатылған отын алды

СҚО диқандары егіс үшін арзандатылған отын алды

Көктемгі егіс жұмыстарын жүргізу үшін мемлекет 57,6 мың тонна көлемінде жеңілдетілген дизель отынын бөлді, деп хабарлайды QZ Мedia тілшісі.

Арзандатылған ЖЖМ жеткізу жөніндегі операторлар АШТӨ-мен 54,8 мың тоннаға немесе жалпы көлемнің 99% бойынша 1599 шарт жасасты, зауыттардан 45,4 мың тонна немесе 82% жөнелтілді.

“Біз Павлодар және Атырау қалаларындағы мұнай өңдеу зауыттарынан өнім аламыз. Көктемгі егіс маусымы 4 айға созылады. Бұл – ақпан-мамыр аралығы. Мамыр айында негізінен Павлодар қаласынан сұйықтық алдық. Біздің шаруалар павлодарлық отынды жоғары бағалайды, яғни артықшылық береді. Арзандатылған отынның бағасы 250 теңгені құрайды. Операторлар ретінде зауыттармен жұмыс істей отырып, өтініш береміз, ақша төлейміз. Жөнелтуде проблемалар жоқ. Біз бәрін уақытында аламыз және ауылшаруашылық тауар өндірушілеріне жеткіземіз. Олар МемАгро жүйесі арқылы жұмыс істейді, бұл операторларға онлайн режимінде өтінім беруге мүмкіндік береді, біз заман игілігі арқылы олардың егістік алқаптары мен тоннажын көреміз”, – деді “Авион Норд” ЖШС коммерциялық директоры Дәурен Базылбеков.

Өңірде барлығы 10 оператор бар. Егіске әртүрлі модификациядағы 12,7 мың трактор, 14 мың астық сепкіш және 1,5 мың заманауи, жоғары өнімді егіс кешені тартылады.

Shares