Петропавловск
+21°C
Главная страница » Агро » СҚО-ға жұмыс сапарымен ҚР АШМ Айдарбек Сапаров келді

СҚО-ға жұмыс сапарымен ҚР АШМ Айдарбек Сапаров келді

Петропавлда СҚО әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов пен ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаровтың қатысуымен көктемгі дала жұмыстарының барысы және мемлекеттік қолдау шараларын түсіндіруге арналған кеңес өтті, деп хабарлайды QZ Media тілшісі.

Жиынға мемлекеттік органдар мен қаржы институттарының басшылары, селекторлық режимде аудан әкімдері мен ауыл шаруашылығы құрылымдарының басшылары қатысты.

Жиын барысында Мемлекет басшысының тапсырмасына сай ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің көлемін 2 есеге ұлғайту және қайта өңдеу өнімдерінің үлесін 70 пайызға жеткізу мәселелері талқыланды. Міндеттерді орындау үшін тиісті ведомство жол картасын әзірледі және көрсеткіштерді белгіледі.

Мемлекет егіс науқанын оңтайлы мерзімде ұйымдастыру және сәтті аяқтау үшін барлық қажетті шараларды қабылдады.

Сұрақ-жауап форматында өткен жиында серіктестік басшылары аграрлық саладағы өзекті мәселелерді көтеріп, барлық сұрақтарға толыққанды жауаптар берілді.

Shares