Петропавловск
+21°C
Главная страница » Агро » СҚО-ның бес ауданында бруцеллез анықталды

СҚО-ның бес ауданында бруцеллез анықталды

Солтүстік Қазақстан облысында тоғыз ірі қара малдан бруцеллез расталды. Мұндай мәлімет облыстық ветеринария басқармасында айтылды, деп хабарлайды QZ Мedia тілшісі.

Қызылжар ауданында бруцеллездің бірден бес жағдайы анықталды, бір фактіден Айыртау, Аққайың, Ақжар және Тимирязев аудандарында тіркелді.

“Мал тексеріледі. Осы уақытқа дейін дезинфекция жүргізілуде, 15-20 күн ішінде ПТР анализі алынады. Олардың нәтижелері бойынша шектеу шаралары туралы шешім қабылданады. Шектеу ауылдық округ әкімдіктерінің келісімі бойынша ғана енгізіледі. Ауру жұқтырған мал санитарлық союға тапсырылды. Ақжар ауданында бұл факт кеше расталды, жақын арада мал союға тапсырылады”, – деді СҚО ветеринария басқармасының баспасөз хатшысы Аманжол Нұртазин.

Бүгінгі таңда Ленинское ауылында республикалық эпизоотиялық комиссия жұмыс істеуде, мамандар әр 15-20 күн сайын малдан арнайы тест алады.

“Өткен жылдың 12 айында 272 ірі қара малдан ауру анықталды, індет бруцеллезге тест кезінде белгілі болды. 2023 жылдың 4 шілдесінде Тимирязев ауданында шектеу шаралары енгізілді, ол әлі алынған жоқ”, – деді СҚО ветеринария басқармасының баспасөз хатшысы Аманжол Нұртазин.

Shares