Петропавловск
+21°C
Главная страница » Біздің халық » ЕҢБЕК АДАМДАРЫ: СҚО-да ерлі-зайыпты дөңгелек ауыстыру орнын ашты

ЕҢБЕК АДАМДАРЫ: СҚО-да ерлі-зайыпты дөңгелек ауыстыру орнын ашты

Ғ. Мүсірепов ауданындағы Червонное ауылы тұрғыны Владимир Левицкий өз қолымен гараж салды. Ол нысанды асықпай тұрғызды. Құрылыс кезінде интернет арқылы және достарының көмегімен автомобильдердің құрылымын зерттеді. Мақсат – дөңгелек ауыстыру орнын ашу. Еңбек пен табандылықтың арқасында жерлесіміз өз дегеніне жетті, деп хабарлайды QZ Мedia тілшісі.

“Мұндай қызметке сұраныс үлкен. Ауыл тұрғындарының көбі, соның ішінде мен Новоишимскоеға барып жүрдік. Сонда дөңгелектерді ауыстырдық. Адамдар жаңа орынды біледі, келіп тұрады, дөңгелектерді ауыстырады, жөндейді. Мен шиналарды монтаждау, теңгерімдеу, майды, тіректерді, сайлентблоктарды ауыстыру және камераларды желімдеу қызметтерін ұсынамын. Бұл – жұмыстың бастауы, болашақта шиналарға, дискілерге арналған жуу машинасын сатып алуды ойлаймын. Сонымен қатар, “форсункаларды” шаятын аппарат сатып алғым келеді”, – деді Владимир Левицкий.

Бұл – болашаққа арналған жоспарлар, әзірге Владимир Левицкий қолындағы жабдықтар арқылы жұмыс істеуді жоспарлап отыр. Ер адам жабдықтарды Павлодардан әкелді. Өзінің және мемлекеттік қаражатты құйды. Жазда Владимирдің жары оның бастамасын қолдау үшін “Бастау Бизнес” жобасы аясында оқудан өтті.

“Біздің мемлекетімізде өз бизнесін ашу үшін қайтарымсыз грант алуға болатын бағдарлама бар екені өте жақсы. Біз өтініш бердік, мен тестілеуден өттім, бизнес-жобаны қорғадым. Нәтижесінде 1 млн 380 мың теңге грант алдым”, – деді Марина Левицкая.

Осылайша, ерлі-зайыптылардың ортақ күш-жігерімен қосымша табыс пайда болды. Марина Левицкая жұмыс істемейді, ол мүгедек балаға қамқорлық жасайды. Ал Владимир Левицкий жергілікті кәсіпорында еңбек етеді, сонымен бірге өз ісін әрмен қарай дамытпақ.

Shares