Петропавловск
+21°C
Главная страница » Біздің халық » “Хирургты жарты сөзден түсінемін”: операция медбикесі Жәмилә Сүлімова өзінің сүйікті ісі туралы айтты

“Хирургты жарты сөзден түсінемін”: операция медбикесі Жәмилә Сүлімова өзінің сүйікті ісі туралы айтты

Жәмилә Сүлімова 17 жыл бойы көпсалалы қалалық жедел медициналық жәрдем ауруханасының жақ-бет хирургиясы бөлімшесінде операциялық медбике болып жұмыс істейді. Жоғары санатты маман өз өмірін сүйікті ісінсіз елестетпейді. Ол бұл саланы анасының арқасында таңдады, деп хабарлайды QZ Мedia тілшісі.

“Бірде анам осы ауруханаға гинекологиялық бөлімшеге түсті. Мұнда оған жақсы операция жасалды, өзіне күтім ұнады. Мен мамандыққа келгенде шешім қабылдай алмадым, ал анам мені медбике ретінде көргісі келетінін айтты”, – деді көпсалалы қалалық жедел медициналық жәрдем ауруханасының жақ-бет хирургиясы бөлімшесінің операциялық медбикесі Жәмилә Сүлімова.

Сол кезде Жәмилә Сүлімова өзінің қабілетіне сенімді болмаған. Өйткені, бұл жұмыс өте маңызды, жауапты. Дегенмен, қаршадай қыз ерік-жігерін жинап, Солтүстік Қазақстан жоғары медициналық колледжіне оқуға түсті.

“Медициналық колледжден мұнда өндірістік тәжірибеге келдім, мені бірден жақ-бет хирургиясы бөлімшесіне алып кетті. Маған ұнады. Тұрақтылық, төзімділік және ептілік. Менің ойымша, мені осы қасиеттер үшін таңдады. Қызметкерлер көмектесті, кеңес берді”, – деді Жәмилә Сүлімова.

Медбике әр науқасқа құрметпен және қамқорлықпен қарауға тырысады, өйткені ол шын жүрекмен көмектескісі келеді. Жәмилә Сүлімова жоспарлы және шұғыл операцияларға қатысады. Ол жұмыс істеген жылдардың ішінде хирургтардың өтініштерін бір сөзбен түсінуді үйренгенін айтады.

Shares