Петропавловск
+21°C
Главная страница » Біздің халық » “Нәтиже көргенде қатты қуанамын”: ЕДШ нұсқаушысы Мария Дубовик балалармен жұмыс туралы айтты

“Нәтиже көргенде қатты қуанамын”: ЕДШ нұсқаушысы Мария Дубовик балалармен жұмыс туралы айтты

25 жастағы Мария Дубовик екі жылдан бері көпбейінді облыстық балалар ауруханасының емдік қалпына келтіру және медициналық оңалту бөлімінде ЕДШ нұсқаушысы болып жұмыс істейді. Ол бала кезінен адамдарға көмектесуді армандаған. Жерлесіміз мамандық иесі атанғасын балалармен жұмыс істеймін деп шешіпті, деп хабарлайды QZ Мedia тілшісі.

ЕДШ нұсқаушысы балаларға жарақаттан айығуға көмектеседі, неврологиялық қиындықтарға тап болған балаларға оңалту жүргізеді.

“Балалардан жақсы энергетика сезіледі, олар қуаныш сыйлайды. Әрине, моральдық тұрғыды жұмыс қиын, бірақ нәтиже көргенде өте қуанамын, қиындықтар ұмытылады. Мен Петропавлда медициналық колледжде білім алдым, қазір жоғары мейірбике ісін қашықтықтан игеріп жатырмын, Орынбор қаласындағы ЖОО-да оқимын. Өз біліктілігімді одан әрі арттырамын деп ойлаймын”, – деді көпсалалы облыстық балалар ауруханасының ЕДШ нұсқаушысы Мария Дубовик.

Еңбек жолының басында жас маманға тәлімгерлер бекітілді, содан кейін жерлесіміз жұмысына бейімделді, істің қыр-сырын меңгерді.

“Мұнда жақсы ұжым қалыптасқан, жанашыр және қамқор әріптестер бар. Басшылыққа алғыс білдіремін, сұрақтарымыз болса хабарласуға болады. Мені өте жақын адамдар қолдайды. Олар ата-аналар қауымы интернетке салатын оңалту жайлы видеоларды көреді. Туыстарым адамға пайда әкелетінімді біліп, менімен мақтанады”, – деді Мария Дубовик.

Мария Дубовик жұмыстан бос уақытын отбасымен өткізеді. Маман 4 жасар қызын тәрбиелеп отыр. Ол серуендегенді, кітап оқығанды ұнатады. Бұл мереке иесіне жұмысқа қайта құлшына кірісуге көмектеседі.

Shares