Петропавловск
+21°C
Главная страница » Біздің халық » «Өртпен жалғыз күресу мүмкін емес»: №2 МӨСБ бөлімшесінің командирі Самат Жапаров жұмысы және жанұясы жайлы айтты

«Өртпен жалғыз күресу мүмкін емес»: №2 МӨСБ бөлімшесінің командирі Самат Жапаров жұмысы және жанұясы жайлы айтты

19 қазан күні Қазақстанда құтқарушылар өздерінің кәсіби мерекелерін атап өтеді. СҚО ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі №2 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімі бөлімшесінің командирі Самат Жапаров 20 жылдан астам өмірін осы қауіпті, бірақ маңызды іске арнады, деп хабарлайды QZ News тілшісі.

Бейінді ведомствода атап өткендей, Самат Жапаров Айыртау ауданының Петропавловка ауылында көпбалалы отбасында дүниеге келген. Мектепті бітіріп, әскерде қызмет еткеннен кейін құқық қорғау органдарында жұмыс істеді. Бір күні Самат Жапаров мамандығын өзгертуге шешім қабылдаған.

“2002 жылы өрт сөндіруші атандым. 20 жыл ішінде өрт сөндіру жасақтарымен бірге сөндірген өрттердің саны екі жүзден асып кетті. Бәрі болды. Жеке үйлер мен пәтерлердегі, өндірістік нысандар мен ормандардағы өрттерді сөндірдік, адамдарды эвакуациялап, құтқардық, от ішінен газ және оттегі баллондарын шығардық, жертөлелер мен биіктікте жұмыс істедік. Жанымда әрдайым жолдастарым болды, солардың демеуін сезіндім. Өртпен жалғыз күресу мүмкін емес”, – деді Самат Жапаров.

ТЖ департаментінің тәжірибелі қызметкері кезек күттірмейтін бірінші көмек көрсету дағдыларын пайдалана отырып, бір жарым жастағы баланы құтқарып қалғанын айту керек. 7 жыл бұрын ұрыны да ұстап, полицияның қолына тапсырған. Самат Жапаровтың әйелі жолдасы таңдаған салада жұмыс істейді.

“Менің жұбайым Дина – СҚО ТЖД ТЖ алдын алу бөлімінің аға инженері. Біз екі ұл тәрбиелеп отырмыз – Асанәлі мен Әлихан. Табиғатта белсенді демалғанды, спорттық жарыстарды, музыкалық аспаптарда ойнағанды ұнатамыз”, – деді білікті маман Самат Жапаров.

Самат Жапаров – бірнеше ведомстволық марапаттың иесі, бірақ ол үшін ең қымбат медаль – «Ерлігі үшін». Құтқарушы оны Қостанай облысындағы табиғи өртті жоюға қатысқаны үшін Президенттің қолынан алды.

Shares