Петропавловск
+21°C
Главная страница » Біздің халық » Петропавлдық фотограф Павел Зацарный өмірін ұлы қалай өзгерткенін айтты

Петропавлдық фотограф Павел Зацарный өмірін ұлы қалай өзгерткенін айтты

Маусымның үшінші жексенбісінде қазақстандықтар Әкелер күнін атап өтеді. Жас, бірақ өте маңызды мереке қарсаңында QZ Media тілшісі петропавлдық танымал фотограф Павел Зацарныймен кездесіп, жалғызбасты әке болу тәжірибесі жайлы естіді. Оның ұлы Александр 17 жасқа толған. Материалдың кейіпкері өзінің ішкі ойларымен, сезімдерімен бөлісті, ұлын тәрбиелеу кезінде кездескен қиындықтар туралы егжей-тегжейлі баяндады.

“Мен жолдасымның босануына қатыстым, таңғажайып, сиқырлы жайт әлі есімнен шыққан жоқ. Бұл оқиға менің көз алдымда болғасын ешқашан ұмытпаймын. Босану сәті мені ұлыммен байланыстырды. Мықты жіп бізді 17 жыл бойы жалғап келеді. Есімді аталарына немесе күшті атақты адамдарға байланыстырып қояды. Таңдау Александр атына түсті. Менің көптеген достарымның аты – Александр. Аты ұлыма сәйкес келді. Менің балам ірі, беті толық әрі күлімсіреген бала болып өсті. Кішкентай кезінде мені жұмысқа бірден жібермейтін, біз әрқашан ұзақ қоштасатынбыз, өйткені қоштасу сәті оның жүрегін шымырлататын. Мен бұрынғы жолдасыма өзім өсіруге тура келген ең бағалы сыйлық үшін өте ризамын”, – деп бөлісті Павел Зацарный.

Жалғызбасты әке Павел бірінші және одан кейінгі жылдары ұлын өсіру оңайға соқпағанын айтады. Олар талай қиындықты еңсерді.

“Мен өзімді іштей жедім, бұл ұлға қатты әсер етті және бұған қарсы ештеңе істей алмадым. Осындай ыңғайсыз сәтте жаман қасиет – қызғаныш пайда болады. Ажырасқан, бірақ бақытты адамдарды көргенде іштей қынжыласың. Олар емін-еркін өмір сүреді, жаңа отбасы құрады, өздеріне қолайлы жағдай жасайды. Менде ондай жеңілдік болған жоқ, баланы тәрбиелеуге барлық күш-жігерімді жұмсадым. Көңілсіз күндер көп болды, сонда ұлымның туған күндерін ойша санайтынмын”, – деді Павел.

Қиын кезеңде Павел Зацарный көп жұмыс істеу жайлы шешім қабылдады. Фотограф басын көтермей еңбек еткенін айтады. Сол кезеңдерде кішкентай Александр әкесінің қасында болды.

“Біз мультфильмдерді жиі көретінбіз. Орындыққа ыңғайлап отырамыз, ұлым тіземе отырып, басын кеудеме қояды. Кешке “Лило мен Стичті” көрдік. Стич айналасындағы қиыншылықтар мен бақытсыздықтардан бүкіл әлемге ашуланады. Сол сәтте ол өзінің дене пішінін қабырғаға салады және әр ашуланған сайын оны бояп отырады. Бір күні ұлым маған стикер алып келді. Онда мен салыныппын және шамамен толық боялғам екенмін. Бұл маған әсер етті. Мен не болғанның бәрін жіберемін, не ұлымнан айырыламын деп шештім. Осы күнге дейін әлгі сурет сақталған, ол материалдық заттардан да қымбат нәрсе бар екенін еске салады”,- деп бөлісті Павел Зацарный

Павел Александрмен уақытты  қалай өткізетіндерін айтты. Кейбір дәстүрлер жылдар бойы сақталып келе жатыр. Сондықтан, кішкентай отбасы үшін оларда ерекше құндылық пен жылулық бар.

“Жастық арқылы жекпе-жектер әлі болып тұрады. Жасыратыны жоқ, қазір мен жеңіске жетпеймін. Ұлымның күші менен басым. Әлі балаша ойнаймыз, күлкі, қуаныш әр бөлмеде орнайды. Саша, жекпе-жекті бастамас бұрын, менің рөлімді, әрекеттерімді ойлап табатын. Біз екі батыр ретінде жаңа әлем үшін шайқас бастап жүрдік немесе жақсы кейіпкерлерді тұтқыннан құтқардық. Біздің сүйікті дәстүрлеріміз бар. Ауыр күннен шаршап, ұйықтардың алдында жуыну бөлмесіне бара жатамыз. Осы сәтте біздің кешкі ойындарымыз басталатын. Мысалы, біз тіс тазалап жатамыз, енді ауыз шаятын сәтке келгенде ұлымның бетіне су шашамын. Ол дәл солай жауап қатады, артынша бір-бірімізді қуып, жетіп алып, су шашамыз. Кешкі ойын аяқталады, құрғақ киім киеміз, балам ұйқыға жатады. Ал мен су киімді кептіргішке жаямын. Бұл – менің өмірдегі ең жақсы сәттердің бірі”, – деп атап өтті Павел.

Александр мен Павел Зацарный бірге кешкі ас пен түскі ас дайындайды. Егер астың бірі дәмсіз шықса, олар оны қайтадан жасайды. Павел ұлын фотосессияға, бірлескен сапарларға жиі апарғанын айтады.

“Осы күнделікті істердің барлығы бізді біріктірді, мықты қылды, бізге өмірде неден ұстау керек, не үшін өмір сүру керек, не үшін күресу керек деген сияқты сұрақтарға жауап іздетті.
Біздің өмірімізге біреу келе ме, жоқ па, отбасы бола ма, жоқ па маңызды емес. Ең бастысы – мұндай құндылықтарды ұстану, айтпағым, оны мен жасаған жоқпын. Ол өзінің балалық ақыл-ойымен күрделі нәрселерді қарапайымға айналдырады, маған қалай дұрыс істеу керектігін түсіндіреді. Осылайша ұлым менің батырым, құтқарушым атанды. Мені құтқарған – ұлым. Маған осы күнге дейін көптеген нәрселерді үйреткен бала деп білемін. Балаңызға оны қалай жақсы көретініңізді жиі айту маңызды. Бұл бала үшін өте маңызды және сіз үшін де ем болады”, – деп сенеді Пауыл Зацарный.

Shares